АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ – ШЕТ ТІЛДЕРІНДЕ

Қазақ елінің мәдени, әдеби, баспа тарихында тұңғыш рет қазақ халқының ұлы ақыны, данышпан ойшылы, өз ұлтын қалыптастыруға жанын салған дана тұлға – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнап «Халықаралық Абай клубы» тұғыры биік тұлғаның онтомдық толық шығармалар жинағын қазақ, орыс, ағыл­шын, француз, неміс тілдерінде шығарып, тарту жасады.

Ақынның шығармаларын шетелдердің тілдеріне аудар­ған айтулы аудармашы­лар – жа­зушы Роллан Сейсен­баев­тың әдебиеттегі және өмір­дегі жақын достары.

Абайдың өлеңдерін орыс тіліне аударған орыстың ХХ ғасырдағы ұлы ақындарының бірі Юрий Кузнецов.

«Қарасөзін» («Ғақлия») орыс тілінде сөйлеткен белгілі аудармашы Клара Серікбаева.

Ақынның өлеңдері мен «Қа­расөзін» ағылшын тіліне аударған ағылшынның әйгі­лі ақыны, аудармашы, түр­кітанушы Ричард МакКейн. Ричард МакКейн ағылшын тіліне түріктің ұлы ақыны Жү­ніс Емренің, Жалаладдин Румидің, орыстың ұлы ақын­дары Анна Ахматованың, Бо­рис Пастернактың өлеңдерін аударып, Ұлыбританияның белгілі «Pеnguin» баспасынан шығарған.

Абайдың өлеңдері мен «Қара­сөзін» француз тіліне аударған Антуан Гарсиа. Ол – Лев Толстойдың, басқа да атақ­ты орыс жазушыларының шы­ғар­маларын аударып, Па­рижде кітап қылып шығарған белді аудармашы.

Ақынның «Қарасөзін» Ге­тенің тілінде сөйлеткен – қа­зақ жерінің тумасы, неміс, қа­зақ, орыс тілдерін жете мең­герген неміс қызы Лариса Заха­рова және алманиялық аудар­ма­шы Ханс Фрайтаг. Абай­дың өлеңдерін неміс тіліне аудар­ған белгілі аударма­шы, баспагер Лео Кошут.

Абайдың философиялық дү­ние­танымын өз тілдерінде жет­­кізу үшін, аудармашылар, әл­бетте, қазақ даласының ке­мең­гер ойшылы көтеріп отыр­ған ада­ми-құлықтық, рухани ой-тол­ғамдарына алдымен өздері қа­нық болды. Өйткені Абайды тол­ған­дырған ойлар ХХІ ғасырда да бүкіл адамзат үшін дұрыс ше­шімін таппай жатқан өзекті мәселелер. Аудармашылардың Абайдай қазақ данасының шыққан жері, ұлылардың табаны тиген киелі топырақты көру­ге ар­­найы Жидебайға зиярат қы­лу­ға асыққандары сондықтан болар.

Абайдың еңбектерін шет тіл­деріне алғаш рет аудартқан, кі­тап қылып басып шығарған Лон­дондағы «Абай үйін» ашқан Рол­лан Сейсенбаев болатын.

«Халықаралық Абай үйі» тұң­ғыш рет ақын шығар­мала­рын фа­ксимиле түрінде Түр­кияда басып шығаруды жо­с­­парлауда. Осыдан төрт-бес жыл бұрын «Абай клу­бы» пар­сының ұлы ақыны Фир­доу­сидің «Шахнама» эпо­сының қыпшақ тіліндегі аудармасын Ұлыбритания мен Түркия бас­паларында басып шығарған.

Абайдың біртомдық таң­дамалы шығармалар кітабы Американың «Amazon» баспасында жарық көрмек.

Жинақтың тоғызыншы то­мы «Абай туралы сөз» кіта­бын­да әлем елдерінің әйгі­лі әде­биетшілері, ақын-жазу­шы­лары, ғалымдары, дін қай­рат­керлері Абай бабамыз ту­ра­­лы терең ойларын біл­ді­ре­ді. Бұл Абай әлемінің шал­қар кең­дігін, асқақ биіктігін, бүкіл адам­затқа ортақ рухани құн­дылық екенін көрсетеді.

Мұхтар Әуезовтің «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – за­­ман ты­нысы, халық үні. Бүгін ол үн біз­дің де үнге қо­сылып, жаң­­­­­­ғырып, жаңа өріс алып тұр», де­­уі та­рихи шын­дыққа айналуда.

Талғат БАТЫРХАН