2019 жылдың 30 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі мен қалалық білім бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылған аймақтық ІХ «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысына Семей қаласы және қала маңындағы мектеп оқушылары қатысты.
Сайыстың бірінші айналымда қатысушылар «Абай - дана, Абай - дара» тақырыбында ой толғауларын жеткізсе, екінші айналымда «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» тест түрінде өткізіліп, үшінші айналымда «Талап қыл артық білуге» тақырыбында билет сұрақтарына жауап берді.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі директорының орынбасары М.Қайрамбаева, Семей қаласының тілдердерді оқыту орталығының бас маманы Ж.Төлеуова және №7 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі М.Серикбаева сынды аймақтық ІХ «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысының қазылар алқасы мүшелерінің шешіміне сәйкес 1 орынды №30 орта мектеп оқушысы А.Құсайын, 2 орынды Бөкенші орта мектеп оқушысы Д.Елубаева және №15 орта мектеп оқушысы Б.Ахметов, 3 орынды №30 орта мектеп оқушысы Қ.Төлегенова, Жарқын мектебінің оқушысы Э.Омарханова және №15 мектеп оқушысы А.Турсунқанова иеленді.
Сайыста білімімен ерекше көзге түскен жеңімпаздар мен талапты шәкірт тәрбиелеген ұстаздар арнайы дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі»
қорық-музейінің баспасөз қызметі