АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ «АЛҒЫС КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде 1 наурыз – «Алғыс күніне» арналған кітап көрмесі ашылды. Сонымен қатар «Қазақстан біздің ортақ үйіміз» деген тақырыпта «Абай» өнер мектебінде балалардың қолөнер бұйымдары көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде Семей қаласындағы №8 мектеп-кешені мен татар өнер мектебінің оқушыларының жұмыстары көрсетілді.

Еске салсақ, 2016 жылғы 14 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс күні» деп жариялады.

Іс-шарада татар өнер мектебінің оқушылары қазақ, орыс және татар тілдерінде әндер орындады. Шараға колледж студенттері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

 

Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

қорық-музейінің баспасөз қызметі