АБАЙДЫҢ "АТ МАҚТАУ" ӨЛЕҢІНІҢ АЛТАЙҒА БАРҒАН АЛҒАШҚЫ НҰСҚАСЫ

Үстегі жылы адамзаттың алып тұлғаларының бірі хаким Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы. Әлемнің әр елінде, жүйеден хакимнің қарасты еліндегі дүбірлі салтанаттың боладысына менде елеңдеп, Абай өлеңдері мен қара сөздерін жане қатысты іздену-зеттеу шығармаларының қолыма түскенін қайта оқып шықтым. Ананың бесік жыры болып құалғыма құйылып, жүрегіме сіңген киелі тағылым, менің әр қадамымның шам-шырағы. Болашағымның мәйегі. Кітап сөремнің үстінгі жағына қойылған, сары түсті ескі мекәәли парағы апам сыйлаған бойтұмарым. Ол Абай өлеңі. Абай өлеңін нағашы атам Зағфар Құлтайұлы Мингөнің 15 жылы (1926 жылға тура келеді) 7 айдың 5 күні қауырсын қаламмен шағатай жазуында көшіріп сақтаған екен, 1959 жылы қызы менің туған шешем (Буқамиял) Букан Зағыфарқызына беріп, берік сақтауды қадағалапты. Зерттеулерге қарағанда Абай Құнанбаевтың бұл өлеңі Алтайдағы Абақ керейге алғаш келген "Ат мақтау" деген өлеңінің алғашқы нұсқасы екен. Апам боран-шашынды жылдардың желіне ұрғызбай, жауынына тигізбей бірде жөргекке қосып орап, бірден бесіктің басындағы жастықтың астына қойып, бірде елеусіз орындарға жөткеп қойып сақтап мен қара таныған кезімде маған аманаттады. Осы орайда жәдігерге көп үңіліп, көп ойланып "Апа" атты әңгіме жазып халқыма ұсындым әрі Абай өлеңінің нағашы атам көшірген нұсқасын ашық жариялауды жөн көрдім. Құнды жәдігер алдарыңызда.

Ақиқат Қазезұлы

Алтай қаласы Алақақ қалашығы