ҰЛЫ ОЙШЫЛДЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ЭНЦИКЛОПЕДИЯ

  • Басты бет
  • Өзбекстанда ашылған "Шайырлар саябағында" Абай мүсіні орнатылды

Өзбекстанда ашылған "Шайырлар саябағында" Абай мүсіні орнатылды

Оқылған 981 рет

Қосылған күні: 21.06.2020

Қарақалпақстанның (Өзбекстан) Мойнақ қаласында «Шайырлар саябағы» салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап.


Қарақалпақстанның Мойнақ ауданы орталығында «Шайырлар саябағы» салынды. Саябақта қарақалпақ, өзбек, қазақ, түркімен және орыс халқының классик ақындары - Әжінияз, Бердақ, Күнқожа, Әлішер Науаи, Абай, Мақтымқұлы, Пушкиннің бюсі тұрғызылып, олардың жанына ақындардың таңдаулы туындысынан үзінді жазылған.

«Шайырлар саябағы» жастардың рухани және мәдени танымын кеңейтуге, көрші халықтар ақындарының да өмірі мен шығармашылығына деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді», - делінген хабарламада.

Саябақта түрлі іс-шаралар мен өнер көрмелер де өтеді.