Гаумаң (高莽): АБАЙҒА АРНАУ

АБАЙҒА АРНАУ

Гаумаң (高莽)

"Абай қара сөздерінің" қытайша басылымының алғы сөз бөліміне жазылған қытай ақынынның өлеңі

 

Тас меңіреу түнегің

Сейілер қашан сарсаң бұл?

Ен жатақан Қазақстан-ай

Айығар күнің қашан бір?

Көз майың сарқып,

У жеміс

Өлеңіңде өрілген,

Қараша қамын жегеннен

Тулап бір туды асау жыр.

Ел үшін “аттан” салғаннан,

Рухың, шіркін, шаршап жүр.

Хас сұлулық жасадың,

Сондықтан жұрттан асалдың.

Жаңғырыққан нән жартас,

Көз жас жуып жағаны,

Саңылау ашып санадан-

Кетті қазақ Абайы,

Ақылыйа жыры ұрпаққа-

Әлемге тегіс таралды.

Күн көшіп жылдар аунаған-

Емес бірақ қайталау.

Зымыран көкте боз торғай

Көмейінен жыр төгіп,

Марғау жерді ояту

Қамына енген жанталау!

Бодауың қайтты,мінекей:

Сылдыраған тас бұлақ,

Самал жайлау, саумал көл,

Сонда,сенсің Ата тау!

Екіленген ұрпаққа

Өзіңнен тиді бата тау!

Дәуірлеп желі ғасырдың,

Ғарышты өбіп жатады.

Әлемге әйдік әділет

Бырт-бырт  үзді матауды.

Көз салшы, Абай, тыңдашы

Адамзатқа әз болдың

Әлемді жарған атағы!