ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

  • Басты бет
  • АБАЙ ЖЫЛЫ РЕСЕЙДЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫҢ ЖАҢА ТОЛҚЫНЫН ТУДЫРАДЫ

АБАЙ ЖЫЛЫ РЕСЕЙДЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫҢ ЖАҢА ТОЛҚЫНЫН ТУДЫРАДЫ

Оқылған 1641 рет

Ресей президентінің арнайы өкілі неліктен классиктерді қайта аудару қажеттігін және орыстар мен басқа халықтардың қазақ мәдениетіне қатысуын қалай арттыру керек екенін айтты

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қазақ әдебиеті үшін жаңа серпіліс болуы мүмкін.

Ресейде арнайы жоба дайындалуда – үш орыс ақыны Абай өлеңдерін орыс тіліне аударады. Ресей президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой Sputnik Қазақстанға көркем әдебиет аудармашысының жұмысының ерекшеліктері мен Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды дамыту туралы айтып берді.

Көркем әдебиет аудармашылары жетіспейді

Абайдың мерейтойы мерейтой ғана болып қалмай, сонымен қатар қазіргі әдеби өмірдің дамуына серпін беруі керек, деп санайды Швыдкой.

"Келесі жылы, Абай жылы болады, бұл қазақ әдебиетіне үлкен қызығушылық тудырады. Әрине, қазақ ойшылы қазіргі қазақ әдебиеті мен поэзиясын "алып шығатын" локомотивке айналуы керек. Қазақстандық тараптың өтініші бойынша біздің үш жас ақынымыз Абайды аударады. Олар орыс тіліне жаңа аудармалар жасау үшін Қазақстанға келді", - деді орыс қонағы.

Швыдкой олар түркі әдебиетімен жұмыс істеген және сөздің табиғатын түсінетін өте сапалы аудармашылар екенін атап өтті.

"Қазіргі кездегі басты проблемалардың бірі – егер әдебиет туралы айтатын болсақ, аудармашылардың жетіспеушілігі. Ресейде қазақ әдебиеті мамандары өте аз, дегенмен, бұрынғы Морис Торез атындағы шет тілдер институтында (қазіргі ММЛУ) посткеңестік кеңістіктегі тілдерді, оның ішінде қазақ тілін оқытатын бөлім бар. Соған қарамастан аудармашылардың жетіспеушілігі жоғары"- деді.

Ол көркем әдебиет аудармашысы ерекше мамандық екенін баса айтты. Бұл мәдениетке, тәжірибеге бай адам. Соның арқасында ол әр сөйлемді көркемдік сұлулығын жоғалтпай, оқырманға түсінікті етіп жеткізе алады.

"Бұл тек Қазақстанға ғана емес, сонымен қатар көптеген тілдерге қатысты. Славян тілдерінен аудару проблемасы да бар. Ескі аудармашылар кетіп жатыр, жаңалары әлі келе қоймады", - дейді Шведкой.

 

 

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.