ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

  • Басты бет
  • АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ ОТЫРАР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ ОТЫРАР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Оқылған 3101 рет

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының» қызметкерлері іс-сапармен қонаққа келді. Отырар қорғанына 800 жыл толуына орай «Қамалы бекем, халқы қайсар – Отырар» тақырыбында құрылған жылжымалы көрмесінің ұлы ақынның музейінде салтанатты ашылуы өтті.

Шараның алғы сөзін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры Ерлан-Бек Мейрамхатұлы сөйлеп, Отырар музейінің бас қор сақтаушысы Ералы Төлендіұлы көрме барысымен таныстырды. Айта кететін жайт, көрме төрт бөлімнен тұрады. Көрмеге Отырар қорғанынан табылған көне заттардың 200 түрі қойылған.

Сондай-ақ, салтанат соңы әсем әнмен түйінделіп, көрмеге экскурсия жүргізілді. «Қамалы бекем, халқы қайсар – Отырар» көрмесі Абай музейінде бір ай бойы келушілер назарына ұсынылады.

 

Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

қорық-музейінің баспасөз қызметі

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.