ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

  • Басты бет
  • М.ӘУЕС: БЕЙЖИҢ, ЧАУ ЯҢ САЯБАҒЫ. АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ АЛДЫНДА

М.ӘУЕС: БЕЙЖИҢ, ЧАУ ЯҢ САЯБАҒЫ. АБАЙ ЕСКЕРТКІШІ АЛДЫНДА

Оқылған 1091 рет

Сәлем бердік!

Қабыл гөр,

Қол қусырып ізетпен;

Мүсінің тұр,

Сабырмен –

Күншығысты күзеткен.

 

Аспан асты еліне,

Абайлық ой, жыр көктеп.

Ханбалықтың төріне

Шығарыпты құрметтеп.

 

Жаны толқып жас қауым –

Аңсары ауса жырыңа,

Мен қараймын:

Тастағы

Сымбатың мен сырыңа...

 

Ойлы, ояу көзіңе

Мағына үстеп, тереңім,

Қай халық та өзіне

Ұқсатқысы келеді!

 

Өзімсіну басқа да,

Ұлықтаудан бас алса...

Жан бітпей ме тасқа да,

Махаббаттан қашалса!

 

Кісіліктен жоғары

Кім бар, сірә, киелі?!

Талай халық

Сені әлі –

Бауырым деп сүйеді!

 

Хакімдікпен

Сенімге –

Алтын сәуле тамызып,

Еңіреген елім деп

Ұлы дала абызы!

 

Тұрғыласы мазақ қып,

Тыңдамаған маңайы

Бас ақыны қазақтың,

Адамзаттың Абайы!

 

16 қараша. 2015

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.