ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

АБАЙДЫҢ ОТБАСЫМЕН ТҮСКЕН СУРЕТІ

Оқылған 1471 рет

Бұл суретте Абай үй-ішімен бейнеленген. 1903 жылдың жазында киіз үйдің ішінде түсірілген.

Бірінші қатарда: Пәкизат (бөрік киіп отырған қыз бала), Турағұл, Әубәкір отыр. Пәкизат пен Әубәкір екеуі Ақылбайдың балалары. Абайдың інісі Оспан оларды бауырына салып, өз баласы санаған.

Екінші қатарда – орындықта отырған Абай, Еркежан, Камалия (Әубәкірдің әйелі).

Үшінші қатарда – Мағауия.

«1903 жылғы суретте Абайдың үстіне киген киімі  жинақы тігілген, алдыңғы жағасы қиғаш, қайырма, түсі бозғылт көрінетін, сірә, көкшіл, немесе сұр шапан және дөңгелек тақия» (М.Мағауин «Абайдың суреті» эссе, шығармалар жинағы, 10 том, 57-б.).

Фотосуретті 1959 жылы Абай музейіне Мұхтар Әуезов тапсырған. Абай музейінің негізгі қор кітабында 461/542 номермен тіркеулі. Фотосуреттің өлшемі – 13х23 см. Ұлы ақынның бұл тарихи фотобейнесі ұзақ жылдардан бері музей экспозициясына қойылып, көрсетіліп келеді. Көп тиражды жолкөрсеткіш кітаптарға да басылып, жұртшылыққа кең таралған.

 

Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

қорық-музейінің баспасөз қызметі

 

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.