ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

  • Басты бет
  • АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ «ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ «ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Оқылған 2691 рет

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы латын қарпіне көшу туралы тапсырмасына байланысты «ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ» көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Көрмеге Ұлы Абайдың музей қорынан алынған бірқатар шығармалары және басқа да кітаптар мен қолжазабалар қойылды. Атап көрсетер болсақ: Абай Құнанбайұлы шығармаларының 1933, 1936, 1939 жылғы жинақтары. Әсіресе, М.Әуезов шығарған 1933 жылғы толық шығармалар жинағының ақын мұрасын зерттеудегі орыны ерекше. Сол сияқты Абай туралы естеліктер, Абай туралы мақалалар жарияланған 1940 жылғы «Екпінді», «Лениншіл жас» газеттерінің түпнұсқалары, Ш.Құдайбердіұлының «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасының көшірмесі, «Сексен өтірік», «Қарлығаш», «Жарық» сынды балалар әдебиетінің нұсқалары, Алаш зиялылары еңбектерінің түпнұсқалары және т.б. сирек кездесетін құнды жәдігерлермен де келушілер осы көрмеден таныса алады.

Көрмені Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева қысқаша сөз сөйлеп ашты.

Шара барысында Тілдерді дамыту орталығының директоры З.Исабаева  мен Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Абай» институтының директоры А.Смағұлова сөз сөйлеп, әскери іспен өнерді қатар алып жүрген әнші, сазгер Тынышгүл Ақайқызы авторлық әндерін орындады. «Абай» өнер мектебінің шәкірттері Хәкім Абайдың өлеңдерін оқып, оны тақтаға латын әріптерімен жазып көрсетті.

Жиын соңында келушілер жаңадан ашылған көрмені тамашалады.

 

Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

қорық-музейінің баспасөз қызметі 

 

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.