ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

  • Басты бет
  • АБАЙ МУЗЕЙІ ЖАСТАР ЖЫЛЫН БІЛІМ БӘСЕКЕСІМЕН БАСТАДЫ

АБАЙ МУЗЕЙІ ЖАСТАР ЖЫЛЫН БІЛІМ БӘСЕКЕСІМЕН БАСТАДЫ

Оқылған 701 рет

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі өткен жылы Елбасы жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жарияланған сәтінен бастап, бірқатар шараларды  жүзеге асырды. Сол шаралардың жалғасы - Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Мұтылғанның тағдыры» атты сайыс.

Аталмыш шараға Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен ашылған жастар жылының салтанатты рәсіміне қатысқан жерлесіміз, жас ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мерей Қарт білім сайысының құрметті қонағы ретінде қатысып, жастарға өзінің ақжарма тілегін жеткізді, сондай-ақ, үміттерін үкілеп келіп отырған сайыскерлерге сәттілік тіледі.

Дәстүрге айналған дүбірлі сайысты өткізудегі басты мақсат – Абайдың ақын шәкірті, жазушы, тарихшы, аудармашы, философ, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірін, оның мұрасын жасөспірімдер арасында терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау.

Сайысқа алдын-ала тағайындалған әділ қазылар құрамында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева, Шәкәрім атындағы гиназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Бекқасымов, қалалық білім бөлімінің әдіскері Н.Байсарина болды.

Сайыс қорытындысы бойынша І-орынды Жарқын мектебінің оқушысы Е.Мотышева, ІІ-орынды Знаменка мектебінің оқушысы Е.Файзуллаев, ІІІ-орынды №49 мектеп оқушысы Н.Амангелді қанжығаларына байлады. Сайыста көрермендерді өз өнерімен тәнті қылып, көзге түскен №23 мектеп оқушысы А.Серікқазинова «Көрермен көзайымы» номинациясына ие болды.

Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

қорық-музейінің баспасөз қызметі

 

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.