ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

ТАРИХИ ЖӘДІГЕРДІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ

Оқылған 751 рет

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Шәкәрімнің кезінде сүйегі салынған чемонданның таныстырылымы болып өтті.

1961 жылы Шәкәрім қажының сүйегі салынған чемодан. Бұл чемоданмен Ахат Құдайбердиев Құрқұдықта жатқан әкесінің сүйегін топырақтан аршып алып, Бақанастан Жидебайға әкеліп жерлеген. Шәкәрімнің сүйегі салынған чемодан туралы Мінәш Әрхамқызы, Досымхан Тоққараұлының естеліктерінен танысуға болады.

Бұл 1952 жылы жасалып шыққан, ұзындығы 72 см, ені 46 см, биіктігі 24 см чемодан. Ішінде «Ленинград, 1952» деген жазулар бар. Қарауылда тұрған Кенжетілеу Доланбеков үйінің мүлкі. 1961 жылы Ахат Шәкәрімұлы Бақанасқа қарай жол жүрерде өзімен бірге ала кеткен. Қабидолла Медеуов дәл осы чемоданмен Ахат ақсақалды Қарауылдағы Шағатай Ысқақовтың үйіне апарып салғанын айтады. Бұл чемоданды Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің асыл қорына 2017 жылы шілде айында Айдар Доланбеков тапсырған.

Шәкірмге қатысты бір ғана жәдігерді жұртшылыққа жариялау арқылы дала данышпаны хакім Абайдың інісі әрі шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын кең көлемде насихаттау, Абай мен Шәкәрімге қатысты дерек пен жәдігерді білу оны таныту баршамызға ортақ іс деп білеміз.

 

Қуат ҚИЫҚБАЙ,

Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

мемлекеттік қорық-музейінің

аға ғылыми қызметкері

 

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.