ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

  • Басты бет
  • ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ 160 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ 160 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Оқылған 901 рет

Жақында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі мен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті бірлесе кемеңгер ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына арналған «Шәкәрім мұрасы және әлемдік мәдениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, профессор Ерлан Сыдықовтың «Келешектің ойын ашқан» (тарихи-философиялық пайымдау), ҚР ҰҒА академигі, жазушы, профессор Ғарифолла Есімнің «Шәкәрімнің үш анығы», Афион қаласы Қожатепе университетінің профессоры (Түркия) Хусейн Қаһарман Мұтлұның «Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы Түркияда шыққан еңбектер және Шәкәрім жайындағы ой-пікірлер», филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетовтың «Шәкәрімнің ғылыми өмірбаянын түзудің деректік негіздері», Л.Н. Толстойдың «Ясная Поляна» музейінің аға ғылыми қызметкері (Ресей) Игорь Карачевцевтың «Сохранение наследия Л.Н.Толстого в музее-усадьбе «Ясная Поляна» сынды шәкәрімтану ғылымының дамуына үлкен қозғау салатын ғылыми-танымдық баяндамалары оқылды.

Шара соңында алыс-жақын шет елдерден келген меймандар Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі ұйымдастырған суретші М.Әлиакпаровтың «Ұлылар жүрген ізбенен» және Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығана арналған «Әрқашан ұмытылмасқа» жылжымалы көрмесін тамашалады.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

қорық-музейінің баспасөз қызметі

 

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.