ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

  • Басты бет
  • «АБАЙ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕР» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТКІЗІЛДІ

«АБАЙ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕР» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТКІЗІЛДІ

Оқылған 1481 рет

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінде қазақ әдебиетінің қайнар бұлағы, барша адамзат баласына сәуле шашқан дархандықтың шырағы, Алаштың алып ақыны, даңғайыр даламыздың кемеңгері, адамзаттың Абайы – хәкім Абайдың туғанына 173 жыл толуына арналған салтанатты шара болып өтті.

Өткен жылдары Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен абайтануға, Абайдың айналасына қатысты көптеген кітаптар жарық көрді. Хәкім Абайдың туған күнін мерекелеу аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің асыл қорында сақталған қолжазбалар мен естеліктердің негізінде жарық көрген «Абай туралы естеліктер» мен «Ата-анаға көз қуаныш» кітаптарының тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Шара барысында республикамызға танымал Амангелді Жікенов және Баян Сағымбаева сынды өнер жұлдыздары ән шырқап, таңдай қақтырды.

Сонымен қатар, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің Құндыздыдағы халық ақыны Шәкір Әбенұлы музей-үйінің жетекшісі Сана Шәкірқызына «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.

Салтанатты шараға қатысқан мәдениет және өнер саласының қайраткерлері және абайтанушылар мен әдебиеттанушыларға данышпан ақынның туған күніне орай тұсауы кесіліп отырған «Абай туралы естеліктер» кітабы, Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай арнайы жарық көрген «Абай музейінің хабаршысы» журналы сыйға тартылды.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

қорық-музейінің баспасөз қызметі

 

 

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.