ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

  • Басты бет
  • "АБАЙДЫҢ ТУЫСТЫҚ АЙНАЛАСЫ" ПОРТРЕТТЕР ГАЛЕРЕЯСЫ АШЫЛДЫ

"АБАЙДЫҢ ТУЫСТЫҚ АЙНАЛАСЫ" ПОРТРЕТТЕР ГАЛЕРЕЯСЫ АШЫЛДЫ

Оқылған 4011 рет

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейі ұзақ жылдар танымал суретші, Шәкәрім атындағы университеттің профессоры, «Бейнелеу өнері» саласы бойынша арнайы сыйлықтың лауреаты Нұрбұлан Өтепбаевпен шығармашылық байланыста жұмыс атқарып келеді. Суретші Абай және оның туыстық, ақындық-өнер айналасы, Шыңғыстау табиғатын бейнелеген туындыларын ең алғаш 1995 жылы музей қорына тапсырған болатын. 

Биыл музей қоры Н.Өтепбаевтың Абай, Шәкәрім, Мұхтар және Абайдың балалары бейнеленген жаңа 10 туындысымен толықты. Бұл туындылары жайында суретшінің өзі: «Абай бейнесін зерттеп жүргеніме ұзақ уақыт болды. Соның ішінде М.Әуезовтің Абай музейіне тапсырған  1896 жылғы балаларымен және 1903 жылы отбасымен түскен фотосуреттерін, П.Лобановский салған ақын бейнесін және басқа суретшілердің салған суреттерін зерттедім. Бұл тақырыпты зерттеуде ұстаздық қызметімнің де ықпалы көп болды. Жоғары оқу орындарында графикадан дәріс бере жүріп адам бетінің анатомиясын зерттеу ақын бейнесін салуға неғұрлым жақынырақ келуіме септігін тигізді. Мұнан өзге Тобықты елінің ақсақалдарының бейнесін зерттедім. Осындай жан-жақты зерттеудің негізінде бір ортақ бейне жасадым. Абайдың балалары және Шәкәрім, Мұхтар бейнелерін салғанда әрқайсысының мінез-құлқын зерттеу арқылы шынайылыққа жақын бейне беруге тырыстым. Бұл туындыларымды болашақ ұрпаққа бабаларынан ескерткіш болсын деп салдым», - дейді.

Суретші болашақта Абайдық ақындық айналасы, яғни шәкірттерінің бейнелерін зерттеп, жаңа туындыларды жасауды жоспарлап отыр.

 

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік

 қорық-музейінің баспасөз қызметі

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.