ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

  • Басты бет
  • ҚАЗАҚСТАН ТҰЛҒАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ТҰЛҒАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

Оқылған 1371 рет

2018 жылдың 18 мамыры – Халықаралық музейлер күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан тұлғалық музейлер қауымдастығының тұсаукесері өтті.

Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасына байланысты Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің әкімшілігі Қауымдастықты  ұйымдастыру жұмысын қолға алған болатын.

Қауымдастық қызметінің негізгі мақсаты - өзара тұрақты түрде тәжірибе алмасу, музейлер қызметін жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдері бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе құру.

Бірінші кезекте еліміздегі жеке тұлғаларға арналған мемориалдық музейлердің тізімі жасалды. Қазақстан Республикасының 31.05.1996 жылғы «Қоғамдық бірлестіктер туралы Заңын» негізге ала отырып, қауымдастық Жарғысының жобасы екі тілде дайындалып, тұлғалық музейлерге алдын ала жіберілді.

Тұлғалық музей басшылары жаңаны жатырқамай, «министрліктің назарында болып, өзара пікір алыссақ,  тәжірибе алмассақ» деген  тілекке бірауыздан қосылып, қолдау білдірді. Нәтижесінде 48 тұлғалық музейден өтініш келіп түсті.

  Құрылтай жиналысында мынандай мәселелер қаралды:

1.Қауымдастықтың Жарғысы бекітілді;

2.Қауымдастықтың басшы органдары сайланды:

- Төраға – Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы;

- Төрағаның орынбасары –  Садықова Шынар Мұратқызы;

- Басқарма мүшелері Қауымдастыққа кіруге өтініш берген музейлердің барлық жетекшілері деп шешілді.

3. Қауымдастық эмблемасына Бәйтерек суретін пайдалану арқылы, біріншіден, Бәйтерек – елдіктің символын паш ету, екіншіден, әр тұлға – бір Бәйтерек деген ұғымды көрсету көзделді.

Абай шаңырағының әкімшілігіне берілген тапсырма нәтижесінде республикамыздың түпкір-түпкірінен келген музей қызметкерлері бас қосты.

Құрылтайға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ә.Т.Жоламанов, ҚР Ұлттық музейінің директоры м.а. Л.В.Кочетов және тұлғалық музейлердің басшылары қатысты. Абайдың «Жидебай-Бөрілі»мемлекеттік қорық-музейінің директоры Болат Жүнісбеков «Қазақстан тұлғалық музейлер қауымдастығының» құру жұмыстары жөнінде хабарлама жасады.

Абай қорық-музейінің ұсынуымен тұлғалық музейлер басшылығында ұзақ жылдар жұмыс жасаған тоғыз адам ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен бірге музей басшылары мен жетекшілеріне Құрылтай жиналысына қатысушысы сертификаты тапсырылды.

Музей жетекшілерінен олардың қызметіне байланысты алдын-ала сұрап алынған ақпарат негізінде шығарылған түрлі-түсті ақпараттық кітапша құрылтай жиналысына қатысушыларға таратылып берілді.

 Құрылтай жиналысының қорытындысы бойынша республика музейлері есімдерін еншілеген Біртуар тұлғалар туралы мақалалар жинағын шығару және алдағы 2019 жылы Алматыда Қазақстан тұлғалық музейлер қауымдастығына мүше музейлердің бірлескен көрмесін өткізу көзделіп отыр.

Өзара тығыз ынтымақтастықта, қоян-қолтық жұмыс жасап, түйінді мәселелерді бірлесе отырып шешсек деген мақсатпен құрылған Қазақстан тұлғалық музейлер қауымдастығының музейлер қызметін ілгері дамытып, әріптестік байланыстарды нығайтуда пайдалы болғаны кәміл.

 

               Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік

 қорық-музейінің баспасөз қызметі

 

 

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.