ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

«МУЗЕЙ ТҮНІ» МЕРЕКЕЛІК АКЦИЯСЫ

Оқылған 26411 рет

2017 жылдың 18 мамыр күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Халықаралық музейлер күніне орай  «Өлең – сөздің патшасы» мерекелік шарасын ұйымдастырды.

Мереке күні музейде ашық есік күні ұйымдастырылып, музей достары Е.Жетібаев, М.Алин, Л.Қадырова, О.Кәрібжанов студенттерге «Шәкәрімнің шығармашылығы», «Абайдың 150 жылдығы», «Ұлы тұлғалар және архив», «Тәуелсіздік Қазақстанның дамуындағы тарихи кезендер» атты танымдық лекциялар жүргізді.


«Музей түні» акциясы М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің Қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауында  «Адай» күйімен ашылды.

 

Абай қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбеков музей қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, Көкбай музейінің ашылуына атсалысқан Абай ауданының Құрметті азаматы С. Қошкеұлы, Шәкір Әбенов музей-үйін жаңғыртуға, Шәкір ақынның мұрасын насихаттауға үлес қосқан  К.Әлімбекұлына  музейдің «Абай» медалін тапсырды.

Музей түні акциясында: ақындар шеруі, музейде өткен сайыс, байқау жеңімпаздарының орындауында Абай өлеңдері мен арнаулары, өнер қайраткерлерінің орындауында Абай, Шәкәрім әндері және «Абай жолы» эпопеясынан үзінді көрсетілді.

Сонымен қатар, алтыбақан аясында қазақтың ұлттық әндері шырқалып, «Абай» өнер мектебінің тоғызқұмалақ және дойбы ойындарының жарысы ұйымдастырылды.

Шара аясында қолөнер шеберлерінің  сатылым-көрмесі халық назарына ұсынылды.

Музей түні акциясының құрметті қонағы жазушы, абайтанушы 33 жыл Абай музейінің басқарған «Құрмет» орденінің иегері Т.Ибрагимов музей қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының өкілі Б.Бәшірханова музей қызметкерлеріне мақтау қағаздарын тапсырды.

Музей түні мерекелік шарасына ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, мәдени мекемелер, ақын-жазушылар, студенттер, оқушылар келді.

Мерекелік шара соңында музей қонақтары отшашуды тамашалады.

 

Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі»

қорық-музейінің баспасөз қызметі

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.