ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

  • Басты бет
  • Дәулет Сейсенұлы: АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ СОҢҒЫ ТҰЯҒЫ

Дәулет Сейсенұлы: АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ СОҢҒЫ ТҰЯҒЫ

Оқылған 32491 рет

Белгілі абайтанушы ғалым, Мем­­ле­кеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұ­хамедхановтың есімі зиялы қа­уымға жақсы таныс. Алаш кө­сем­дерінің тізесінде оты­рып ер­жет­кен ол жас алшақ­ты­ғына қара­мастан дана Мұх­тармен досжар болып, жақсы ма­ғынада "жан­тор­сығы" атанды. Сонау елуін­­ші жыл­дардың басын­да жиыр­ма бес жылға сотталып, амал­­сыздан азап пен мазақ лагері­нің дәмін татып кел­гені де шын­дық. Сонда оның Қа­зақ Ке­ңестік Социалистік Респуб­ликасы гимні­нің авторы екендігі де еске алынбаған. Әуезовтің кеңесі­мен гимн жөніндегі байқауға қатысып, жеңім­паз атанғанда оның жасы небәрі 27- де ғана болатын.

Әуезов демекші, ол ұлы ұста­зының кеңесімен жасынан Абай­дың ақындық мектебін зерттеумен айналысқан. Бірақ, өкінішке қа­рай, кандидаттық еңбегі тәркіле­ніп, жоғарыда айтқандай, сотта­лып кете барған. Алайда, қайсар Қайым боркеміктеніп, жасымаған. Соның айғағындай, соңында Абайдың ақын­дық мектебі туралы том-том кі­таптары қалды. Ал егемен ел атанып, тәуелсіздікке қол жеткен шақта ке­шегі Алаш көсемдері тура­лы өндіртіп жазған да осы Қайым еді. Соның басым бөлігі Семейдегі респуб­ли­ка­лық Абай қоры мен Алматыдағы "Атамұра" баспасы­ның қамқо­р­лы­ғымен "Абайдың ақын шәкірт­тері" және "Абай мұра­герлері" деген атпен жарыққа шыққаны да көзі қарақ­ты оқыр­манға белгілі. Қайым аға­ның сол шақта өндірте еңбек ете жүріп, кезінде Жүсіпбек пен Мұх­тар шы­ғар­ған "Абай" журналы қайта жарық көргенде оған бас-көз бол­ған "Па­рыз" шығарма­шылық то­бы­на жетек­­­шілік еткені өз алдына бір әңгіме.

Айтты-айтпады, Қайым Мұ­­­хамедханұлы сол шақта жасы сек­сенге тақап қалғанмен хакім Абайдың артындағы өлмес, өшпес мұрасын кейінгі ұрпаққа мұрты қисаймаған қалпында жеткізу мақ­сатында бір кісідей-ақ еңбек сіңір­ді. Сол қажырлы еңбегі мемле­кеттік деңгейде аталып та өтілді.

Қайым ағаны қалың жұртшы­лық сонымен бірге қарымды жазу­шы-драматург, тамаша аударма­шы, сондай-ақ бірнеше буын өкілдерін, тәрбиелеген ұлағатты ұстаз ретінде де жақсы білетін. Басқаларды айт­па­ғанда, кешегі Кәмен, бүгінгі Әзілхан ағаларымыз Кәкеңді ұстаз тұтып, құрмет көр­сетіп жататынын көзіміз көрді, құлағымыз естіді. Ұстаз демекші, Семей педагогика инс­ти­ту­тында ұзақ жылдар қызмет еткен ол ке­ше­гі кеңес заманында осындағы қазақ тілі мен әдебиет факультеті оспадарлық саясатпен жабылғалы жатқан шақта облыс басшылары­ның бірі, әдебиет пен мәдениеттің шын жанашыры бола білген Екей­бай Қашағанов сынды азаматпен тізе қоса отырып сақ­тап қалғаны да жұрттың есінде.

Иә, ғалым Қайым ғылымда қор­ғануды емес, тек шабуылдап қамал алуды ғана мақсат тұтты. Әйтпесе, бергі "жылымық" ке­зеңі­­нен бастап ғылым докторы атануға шындап ұмтылса, бұл аса қиын шаруа емес-ті. Сондай-ақ ардақты ағамыз ұзаққа со­зылған қызық та қилы өмір жо­лында мансап та қумаған. Рас, қанжар­дың жүзіндей қылшылдап тұрған шағында Се­мей­де жаңадан құры­лып жатқан Абайдың респуб­ли­ка­лық әдеби-мемориалдық мұра­жа­йының тізгі­нін қолына алып, оны білгірлікпен қалыптастыруға бір кісідей үлес қосқаны бар. Ол аталған мұражай­ды өркендету жұмысынан бұдан кейін де сырт қалмаған. Сан қыр­лы талант иесі­нің өзінің және аударма пьеса­лары осындағы Абай атын­дағы сазды-драма театрында үзбей қойылып жататын.

Міне, осындай өмірі өнегелі жанның бақилық болғанына да бес жыл болып қалыпты-ау! Со­дан беріде оның артында қалған мол мұра­сын жинастырып жарық­қа шығару, аяулы есімін ел есінде қал­дыру мақсатында қандай жұ­мыс­тар атқа­рыл­ды, қайсысына үл­гере алмай жатырмыз деген маз­мұн­дағы сауал­дарға жауап іздеп көрелік. Осы орайда бірден ай­тайық, атқарылған жұмыстар да жеткілікті, сонымен бірге әлі күн­ге дейін аяқсыз қалып келе жатқан шаруалар да бар­шылық.

Соларды рет-ретімен баяндау­ға көшсек, ең алдымен, ғалымның басы қарайтылып, қабірінің қасы­нан ескерткіш тұрғызылды. Мұ­ның сыртында интернеттен оған арнал­ған сайт ашылып, Қ.Мұха­мед­хан­ұлы атындағы "Білім және мәде­ниет орталығы" қоғамдық қоры құрылды. Бұл шаруаның бәрі Кәкеңнің балаларының күші­мен атқарылды. Олар сонымен бірге, әке­лерінің артында қалған мұра­ларын жинас­тырып, жарыққа шы­ға­руға да бір кісідей атсалысып келеді.

Кейінгі игілікті шаруаға негі­зінен Тұрсын Жұртбай, Ғаббас Қабышұлы сынды жазушылар мен Дидахмет Әшімханұлы, Нұрлан Исабеков секілді баспагерлер бас­көз болып отырғандығын айтпас­қа болмайды. Сөйтіп, бүгінгі күнге дейін белгілі абайтанушы ғалым­ның көп томдық шығар­ма­лар жи­на­ғының алты томы жарық көріп үлгерді. Ал оның алдында "Қайым туралы сөз" атты естеліктер жина­ғы мен "Қайым және Карлаг" атты кітап жарық көрген еді. Мұның бәрі ғалымның 90 жыл­дығы қар­саңында қолға алынған шаруа­лар. Сол тұста Кәкеңнің мерейтойы алыс шетел­дерде де аталып өтілгені халқымыз үшін үлкен абырой болды. Айталық, 2006 жылы Аме­ри­ка Құрама Штат­тарының Кали­фор­ния шта­тын­да ғалымның бей­несі салынған пошта маркісі шыға­ры­лып, ал Монтана штатын­дағы универ­ситеттің ресми сайтын­да ол жө­нін­­дегі повесть жария­ланды.

Бүгінде Шығыс Қазақстан об­лы­сы әкімінің орынбасары болып жемісті қызмет атқарып жатқан бел­гілі тележурналист Мақат Са­дық­­тың "Алаш және Қайым Мұ­ха­­мед­хан­ұлы" атты деректі теле­­­фильмі тү­сіріліп, Семей педа­го­­гика инс­ти­туты тарапынан ғалым­ның алпыс жыл тұрған үйіне ескерткіш ме­мо­риалдық тақта орнатылатыны да осы кез.

Ғалымның 90 жылдығы қар­саңында атқарылған игі шараларды айта отырып, кейбір "әттеген-ай­лар­дан" айналып кеткеніміз жөн болмас. Мәселен, сол тұста сол кездегі облыс, қала басшыларының атына Алматы, Астана, Семейдегі зиялы қауым өкілдерінен Семейдегі бір көшеге және өзі алпыс жылға жуық қызмет істеген педагогика институты мен туған жері Қарасу ауылындағы орта мектепке Қайым Мұхамедханұлының есімін беріп, оның сыртында кешегі Алаш астана­сы болған қалада ескерткішін орнату жөнінде тілек-ұсыныстар қарша бораған. Бірақ, өкінішке қарай, сол тілектердің бәрі аяқсыз қалған.

Бүгінде кешегі Алаш арыс­­тарының соңғы тұяғының өмірден озғанына да біраз болып қалды. Ендеше, күн тәртібіндегі бұл мә­селенің шешімін сағызша со­зуы­мызд­ың жөні қайсы? Мұнда қала­ның нақ орталығында "Интер­на­циональ" деген көше бар. Абай­дың қорық-мұражайы мен Абай атын­дағы сазды-драма театры Абай кө­ше­сін қиып өтетін осы көше бойын­да. Сон­ды­қ­тан да бо­лар, қа­лың жұртшылықтың ортақ тілегі осы көше атауы ардақты ақсақал­дың есімімен ауыстырылса дегенге саяды.

Олай болмаған күнде қала орта­лы­ғында әлі күнге дейін мызғымай тұрған Ленин көшесін Қайым есі­мі­мен алмастырсақ, несі айып? Мұны бір деңіз.

Екіншіден, ескерткіш жайына келетін болсақ, бұл өңірде басшы­лар ауысқаннан бергі жерде бұл мәселеде өзгеріс-жаңалықтар жоқ та емес. Со­ның айғағындай, бұр­нағы жыл­да­ры болашақ ескерт­кіш­тің орны мен ав­торы анықталып, алғашқы жоба да өмірге келген еді. Бірақ, өкінішке қа­­рай, мына дағ­дарыс­ты жағдайда оған қажетті қаржы таптырмай тұрған се­кілді. Сондықтан оның түбегейлі ше­шіміне Үкімет пен ұлт­жан­­ды меца­наттар араласып жатса, қанеки!

Енді бес-алты жылдан соң Қа­йым ағаның жүз жылдық мерей­тойы да келіп жетеді екен. Ал ол соншалықты көп уақыт емес. Сол себептен де, әлгіндей мә­се­лелерді кейінге сырғыта бер­мей, қазірден қамданғанымыз жөн болар. Алаш арыстарының соңғы тұяғы ондай құрметке әбден лайық!

Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей.

«Егемен Қазақстан»№368 (25765) 07 ҚАРАША СЕНБІ 2009 ЖЫЛ

 

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.