ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

М. МЫРЗАХМЕТҰЛЫ: ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ АБАЙ

Оқылған 38401 рет

М. Әуезов Абайдың шығармашылығы мен өмір жолын өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап зерттеуді қолға ала бастады. Ол ұлы ақынның шығармашылық ғұмырбаянының бірнеше нұсқасын жасады. Көптеген мақалаларын қазақ, орыс тілдерінде жазды. Жоғары оқу орынында алғаш рет Абайтану курсын енгізді. Қолдарыңыздағы кітап М. Әуезовтың абайтанудағы ізденістері, батыс-шығыс әдеби, мәдени байланыстар арналары, суреткердің тезис түріндегі айтылған ой-пікірлерінің төркіндері талданып ашылады. 

Сондай-ақ ұлы қаламгердің 20-жылдары орыс Географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің мүшесі ретінде атқарған сан-салалы жұмыстары, орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқыған жылдары хақында. Жоғары оқу орындарындағы ұстаздық қызметі жөнінде танымдық материялдар енді Әуезов қолданған автоцензура тәсілінің табиғатын ашып талдап, бүгінгі оқырманға ұсыну да Мұхтартанудың көп қырын аша түскен. 

Кітап Әуезовтың 100 жылдық мерейтойына арналады. 

М. МЫРЗАХМЕТҰЛЫ: ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ АБАЙ

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.