ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

Р. СЫЗДЫҚОВА: АБАЙДЫҢ СӨЗ ӨРНЕГІ

Оқылған 50551 рет

Кітапқа "Абайдың сөз өрнегі", "Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы" атты зерттеулер еніп отыр. Абай тілінің көркемдік бітімі, "өткірдің жүзі, кестенің бізі" сала алмайтын өрнегін толғауы тоқсан қызыл тілмен салудың құдіретін танытқан ұлы Абайдың сөз қолдану, сөз таңдау, сөз құбылту, сөз үйлестіру, сөз үндестіру тәсілдері мен тәжірибесі талданады. Жалпы әдеби тіл мен поэзия тілі заңдылықтарының Абай өлеңдері мен поэзиясындағы көрінісі, ондағы дәстүрлі нормалары мен Абай ұсынған жаңалықтар танылады. Абайдың поэтикалық тіл үлгісінің жалғасын тапқандығы Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Ілияс, Қасым өлеңдерін ішінара талдау арқылы көрсетіледі. Сондай-ақ ғылыми ойларды одан әрі ширата түсу мақсатында кітаптағы негізгі тақырыпқа үндес, әр жылдары жарық көрген Абай шығармашылығына қатысты мақалалар да беріліп отыр. 

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.