ҚАРАҢҒЫ ТҮНДЕ ТАУ ҚАЛҒЫП

(И.В. Гете — М.Ю. Лермонтовтан)

Қараңғы түнде тау қалғып,

¥йқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт, дел-сал қып,

Түн басады салбырап.

 

Шаң шығармас жол-дағы,

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен-дағы,

Сабыр қылсаң азырақ.