АБАЙ МУЗЕЙІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

Бүгін Абайдың мемлекеттік қорық-музейінде «Ұлы даланың Ұлы есімдері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Конференцияға Қазақстанның аса көрнекті тұлғалары музейлерінің Қауымдастығы өкілдері қатысып, қазақтың сахара даласында ғұмыр кешкен тарихи тұлғалардың мәдениетіміз бен әдебиетімізге сіңірген еңбектері және қоғамдық қызметі жайында ғылыми-танымдық баяндамаларын көпшілік назарына ұсынды. Конференцияда барысында Семей қаласы әкімінің орынбасары А.Садырбаев, Семей қаласының Дене шынықтыру және спорт бөлімі Туризмді дамыту секторының бас маманы Б.Дүйсенбаев, Солтүстік Қазақстан облысы "Абылай ханның резиденциясы" музей кешенінің директоры А.Садаев, М.Ғабдуллин музейінің басшысы Қ.Мырзабек құттықтауларын жеткізді.

Торғай мұражайлар кешенінің басшысы Г.Сәрсекей, І.Жансүгіровтің әдеби музейінің меңгерушісі Н.Жауынбаева, Қостанай облысының Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің басшысы М.Оспанов, Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінен Д.Опабекова, Түркістан облысы Тарихи-мәдени этнографиялық  Орталығы  директорының орынбасары Т.Акимов,  І.Есенберлиннің әдеби музейінің меңгерушісі Ұ.Комбатурова, Ақтөбе облысы Әйтеке би музейінен А.Жалмуханбетов, Павлодардағы "Дом-музей Павла Васильева" музейінен Т.Карешекова және Абай музейі директорының орынбасары М.Қайрамбаева баяндамалары тыңдалды.

Конференция соңында жиынның модераторы Ж.Әубәкір келген қонақтар мен баяндамашыларға алғысын білдірді. Болашақта "Қазақстанның аса көрнекті тұлғалары музейлері қауымдастығы" бірлестігінің атқаратын  жұмыстарына орай ұсыныстар қарастырылып, ортақ шешімдер нақтыланды.

 

Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

мемлекеттік қорық-музейінің

баспасөз қызметі