ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

  • Басты бет
  • МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІ АБАЙ МЕРЕЙТОЙЫ ТУРАЛЫ: ЖҮЙЕЛІ, МАЗМҰНДЫ ЖОБАЛАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

МӘДЕНИЕТ МИНИСТРІ АБАЙ МЕРЕЙТОЙЫ ТУРАЛЫ: ЖҮЙЕЛІ, МАЗМҰНДЫ ЖОБАЛАРҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Оқылған 1821 рет

ЖИДЕБАЙ. Қазақпарат – Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Семейге сапары аясында «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби- қорық-музейіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Семейге сапары барысында Қарауыл, Кеңгірбай би ауылдарына, «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби- қорық-музейіне соғып, тарихи-мәдени нысандарды абаттандыру, инфрақұрылымды реттеу және қайта жобалау жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты. Ауыл ақсақалдарымен, ұлы ақынның ұрпақтарымен кездесуде Абайдың 175 жылдығын атап өту жөнінде әңгіме болды. «Ұлы ақынның мерейтойын атап өткенде біз ең алдымен, бір күндік шаралардан жүйелі, мазмұнды және ұзақ мерзімді жобаларға басымдық беріп, идеологиялық міндеттерді жүзеге асыруға назар аудармақпыз», - деді министр. Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова қоғам өкілдерімен кездесу өткізіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы жайлы, онда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жайында айтып берді.

 

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.