ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

  • Басты бет
  • Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы

Оқылған 2261 рет

2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық жəне мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау жəне өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан əрі – Мемлекеттік комиссия) қосымшаға сəйкес құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі Мемлекеттік комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау жəне өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспардың жобасын Мемлекеттік комиссияның қарауына 2019 жылғы 1 қазанға дейін енгізуді қамтамасыз етсін.

      4. Мемлекеттік комиссия:

      1) Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау жəне өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды 2019 жылғы 1 қарашаға дейін бекітсін;

      2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын.

      5. "Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 55 Жарлығының 

1-тармағы

 1), 2) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
Президенті                                                                                           
 Қ.ТОҚАЕВ

 

 

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 26 тамыздағы
№ 134 Жарлығына
қосымша


Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау жəне өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның
ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, төраға

      Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы, төрағаның орын басары

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығының меңгерушісі, комиссияның хатшысы

      комиссия мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің əлеуметтік мəселелер жөніндегі орынбасары

      Nur Оtan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

      мемлекеттің өңірлік саясаты сала сындағы жұмысқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрі

      Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі

      Нұр-Сұлтан қаласының əкімі

      Алматы қаласының əкімі

      Шымкент қаласының əкімі

      Ақмола облысының əкімі

      Ақтөбе облысының əкімі

      Алматы облысының əкімі

      Атырау облысының əкімі

      Батыс Қазақстан облысының əкімі

      Жамбыл облысының əкімі

      Қарағанды облысының əкімі

      Қостанай облысының əкімі

      Қызылорда облысының əкімі

      Маңғыстау облысының əкімі

      Павлодар облысының əкімі

      Солтүстік Қазақстан облысының əкімі

      Түркістан облысының əкімі

      Шығыс Қазақстан облысының əкімі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы

      Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты (келісім бойынша)

      Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі

      Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары

      "Қазақстан Жазушылар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазақстан Жазушылар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының ректоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының ректоры (келісім бойынша)

    Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі "əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының ректоры (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "М.О. Əуезов атындағы əдебиет жəне өнер институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорнының директоры (келісім бойынша)

   Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорнының директоры (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Мемлекет тарихы институты" мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша)

   Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі "əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорнының "Абай" ғылыми-зерттеу институтының директоры (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мəдени жəне əдеби-мемориалдық музей қорығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорнының директоры (келісім бойынша)

      "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)

         Əуезов Мұрат Мұхтарұлы – мəдениеттанушы, қоғам қайраткері (келісім бойынша)

   Есім Ғарифолла Есімұлы – абайтанушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша)

      Қасейінов Дүйсен Қорабайұлы – Халықаралық түркі мəдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) бас директоры (келісім бойынша)

      Қыдырəлі Дархан Қуандықұлы – Халықаралық Түркі академиясының президенті, "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

         Сатаев Ахан Қарғамбайұлы – кинорежиссер, сценарийст, продюсер (келісім бойынша)

         Сейсенбаев Роллан Шəкенұлы – абайтанушы, жазушы, драматург (келісім бойынша)

Сүлейменов Олжас Омарұлы – Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі "Мəдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорнының директоры, ақын, қоғам қайраткері (келісім бойынша).

http://adilet.zan.kz

 

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.