Абай - 175: Телехикаяға байқау жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған телехикаяға байқау жариялайды. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Қазақстан» РТРК» АҚ ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай телехикая түсіреді. Осыған байланысты, телехикаяның сценарлық идеясына байқау жариялайды. Байқауға қатысу үшін орындаушы компания - идея, синопсис, сондай-ақ, концепция ұсынуы шарт.  Ұсыныстар тарихи фильмдер мен телехикаялар өндірісінде тәжірибесі бар, техникалық мүмкіндіктері жоғары компаниялардан ғана қабылданады», - делінген хабарламада.