ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

  • Басты бет
  • АБАЙ МЕН ТОЛСТОЙДЫҢ ШАҢЫРАҒЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

АБАЙ МЕН ТОЛСТОЙДЫҢ ШАҢЫРАҒЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Оқылған 7771 рет

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбекұлы мен Л.Н.Толстойдың «Ясная-Поляна» мемлекеттік музей-усадьбасының директоры Е.Толстая қос тараптан шығармашылық ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Бұдан бұрында шығармашылық байланыста болып келген музейлердің болашақтағы шаралар жоспары айқындалған. Атап өтетін болсақ, үстіміздегі 2019 жылы Л.Н.Толстойдың «Ясная Поляна» мемлекеттік музей-усадьбасы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне көрме әкеледі.

Ал, 2020 жылы қос тарап әлем классиктерінің мұрасын сақтау мен насихаттау мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми конференция өткізуді жоспарлап отыр.

 

Абайдың «Жидебай-Бөрілі»

қорық-музейінің баспасөз қызметі

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.