«Әлем таныған Абай» тақырыбында ұстаздар семинары өтті

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі және қаламыздағы «First» мектебінің ұйымдастыруымен «Әлем таныған Абай» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Семинардың басты мақсаты: Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы арқылы жас ұрпақтың елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімін ұштау.

Семинар жұмысына еліміздің әр қалалары мен өңіріміздегі мектепке дейінгі және бастауыш мектепте қызмет ететін білім беру саласының мамандары қатысты. Семинар барысында Абай музейінің қызметкерлері және «First» мектебінің ұстаздары түрлі тақырыптарды қамтыған баяндамалар оқыды. Атап айтсақ: «Абайдың қолжазбалары», «Абай ұрпақтары», «Абай шығармашылығының мектепке дейінгі бүлдіршіндерді тәрбиелеудегі маңызы», «Абайдың фотосуреттері».

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар Абай музейінің экспозиясымен танысып, бүлдіршіндердің шығармашылығына арналған көрмені тамашалады.

 

                                                                                       Абай музейінің баспасөз қызметі