ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

  • Басты бет
  • ФРАНЦИЯ ЕЛШІСІ АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ ҚОНАҚТА БОЛДЫ

ФРАНЦИЯ ЕЛШІСІ АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ ҚОНАҚТА БОЛДЫ

Оқылған 17331 рет

Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп МАРТИНЭ Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне келіп, ақын рухына тағзым етті.

Құрметті қонақтарды Абай қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбеков қарсы алды.

Мәртебелі қонақ бас музей экспозициясымен танысты. Экскурсия барысында ақын сусындаған қайнар бұлақтар – халық ауыз әдебиеті және  Шығыс пен Еуропа поэзиясы мен мәдениетін ашатын әдебиеттерге, Абай тапсырған заттарға, «Жаз» бөліміндегі этнографиялық жәдігерлерге  ерекше қызығушылық танытты.

Сонымен бірге Филипп МАРТИНЭ мырза Абай Құнанбайұлының өлеңдерінің, қарасөздерінің, әндерінің орны ерекше екеніне тоқталды.

Барынша жан-жақты мәлімет алған қонақ «Зерде» кітабына өз қолтаңбасы мен ізгі тілектерін қалдырып, музей ұжымына алғыс білдірді. 

Экскурсия соңында, француз елшісіне музей директоры Б.Жүнісбеков Абайдың төрт тілде жарық көрген жыр жинақтарын табыстады.

  Абай музейінің баспасөз орталығы

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.