ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-энциклопедия

«АБАЙ ШАҢЫРАҒЫ ШАҚЫРАДЫ!» МЕРЕКЕСІ

Оқылған 22021 рет

Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш — Абай сөзі, Абай аты болса керек. Бәлки, мұнан кейін Абайдан үздік артық ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғары, ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жүлдыз  - Абай.  

 

Міржақып Дулатұлы,

1914 жыл.

 

  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі 2017 жылдың 23 тамызында сағат 11.00-де ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Өлең – сөздің патшасы» мерекелік шарасын өткізеді.

  • §  «Ашық есік күні» бағдарламасында:
  • §  «Артық ғылым кітапта...» І-ші қалалық мектеп жәрмеңкесі;
  • §  Ақындар шеруі;
  • Дойбыдан ардагерлер арасында өткізілетін республикалық турнир;
  • Неке қию рәсімі;
  • §  Концерттік бағдарлама;
  • Тоғызқұмалақ ойынынан оқушылар арасында қалалық жарыс;
  • Тақырыптық экскурсиялар;
  • Алтыбақан

  Ұлы ақынға арналған салтанат орындауында М.Мақатаевтың өлеңімен басталады.  Мұқағали образында шығатын «Дариға-ай» жастар театрының актеры жуық арада ғана музей қорынан табылған «Дала данышпаны» өлеңін оқиды.

  Қара шаңырақта биыл аталып отырған ұлы ақынның туған күн мерекесінің маңызы ерекше. Себебі Абайдың мемлекеттік қорық музейі жүзеге асырып отырған жаңа бастама - ол неке қадамын осы Абай шаңырағынан бастағысы келетін жастарға мүмкіндік жасап отыр. Ұлы ақынның қара шаңырағында өмірдегі жаңа баспалдақтарын  Абай өнегесімен ұштастырамын деген жас отау иелеріне неке куәлігі табысталады.

  Мерекелік шараға Абайдың өлеңдері, әндері және ұлы ақынға арнаулар белгілі ақындар Т.Әбдікәкімов, М.Оспанов, А.Жікенов, Қ.Әубәкірова, С.Кәріпбаев, жас ақындар, музейдің жанына ашылған «Абай» өнер мектебі ақындық үйірмесінің шәкірттері, «Дариға-ай» жастар театры, Ә.Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының әншілері Семей қаласы мәдениет сарайының әншілері, Л.Хамиди атындағы №1 музыкалық мектебінің оқытушылары, «Айналайын» балабақшасы қатысады.

  Биылғы жылы мерекелік шара аясында Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімімен бірлесе «Артық ғылым кітапта...» деген айдармен мектеп жәрмеңкесі өткізіледі. Сатылымда мектепке қажетті оқулықтар мен кеңсе заттарымен бірге әдеби кітаптар, Абай, Шәкәрім, Мұхтар, сонымен бірге Алаш қайраткерлерінің шығармалары болады. Сол арқылы ұлы тұлғалардың асыл мұрасын насихаттап, өскелең ұрпақтың рухани дамуына мол мүмкіндік беру көзделіп отыр.

  Сонымен қатар, музей қонақтары жергілікті қолөнер шеберлері бұйымдарының жәрмеңке-көрмесін тамашалай алады.

  «Өлең – сөздің патшасы» шарасы алтыбақан аясындағы музыкалық бағдарламамен аяқталады. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет мекемелері, оқу орындары қатысады.

Музейге 23 тамызда келушілерге қызмет тегін көрсетіледі.

Дереккөз: abay-museyum.kz

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА:

Алқа төрағасы: Азат Шәуеев
Бас редактор: Ақберен Елгезек
Шеф-редакторлар: Қайсар Қауымбек, Айбол Исламғали

Сайтты Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығына алған қаржысына әзірледі.