Абайтану кезеңдері

СӘБИТ МҰҚАНОВ

Бірінші томда "Абайдың төңірегіндегі ақындар", "Абай шығармаларының текстологиясы жайында" атты зерттеулер мен Абайдың шапағатын көрген бірнеше белгілі тұлға туралы мақалалары берілді.

Үшінші томына оның Құнанбай немерелері: Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл Абайұлдары, Кәкітай Ысқақұлы, Әрхам Кәкітайұлы және Әубәкір ақылбайұлы туралы жазылған зерттеу мақалалары және осы аталған ақындардың архивтерден ғалымның өзі тапқан төл шығармалары топтастырылып отыр.

Төртынші томына оның Көкбай, Әріп, Мұқа, Баймағамбет сияқты Абайдың ақын шәкірттері және Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов т.б. Алаш арыстары туралы зертту еңбектер топтастырылған.

Алтыншы томына оның әр жылдарда жазған мақалалары мен қазақ әдебиетінің тарихына қатысты зерттеулері, сондай-ақ пікір хаттары енгізілді.

Ғалым, әдебиет сыншысы, драматург Қайым Мұхамедхановтың көп томдық шығармалар жинағының жетінші томына даралық шығармалары еніп отыр.

Оныншы томына 1951 жылы Қазақстан Ғылым академиясы Жоғары зерттеу комиссиясына "Абайдың әдебиет мектебі" тақырыбында қорғалған диссертацияның стенограммасы, Қ. Мұхамедхановтың диссертациясына берілген ғалымдардың пікірі және 1951 жылы маусымда Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын оқып-үйрену жөніндегі пікірталас материялдары берілген.